ТҮРКІСТАН: Келестік шаруа 50 мың дана құлпынай көшетін өсіріп жатыр

0
759

Былтыр «Озат бақша өндіруші» атанған.


ТҮРКІСТАН: Келестік шаруа 50 мың дана құлпынай көшетін өсіріп жатыр

Мәскеуде шикізат өнімдерінің «ПРОДЭКСПО-2022» 29-шы халықаралық көрмесі басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Келес ауданында Тұрлыбек Жоланов атты диқан құлпынай өсіруде. Жалпы аумағы 1 гектар жерге егілген 50 мың дана құлпынай көшеті мамыр айында өнім бере бастайды. Шаруа егін алқабында тамшылатып суару әдісін қолданып жатыр.


«Тамшылатып суарудың тиімділігі жоғары. Мәселен, ашық алқапқа еккен егінімізге кететін ағын су 95%-ға дейін үнемделетініне көзім жетті. Жартылай суармалы жерге шағын су қоймасын салдым. Егістікке қажетті мөлшердегі суды арнайы құрылғы көмегімен жақын маңдағы каналдан алудамыз», - дейді диқан.


Атап өтсек, диқан өткен жылы да бақша өнімдерін егіп, 560 тонна өнім өндірген. Қожалық иелігіндегі 16 гектар жерге егілген бақшаның әр гектарынан 350 центнерден өнім жиналған. Осылайша ол жыл қорытындысымен – аудандағы «Озат бақша өндіруші» атанған.