ТҮРКІСТАН: Келестік тұрғындар көтерген мәселе шешілетін болды

0
528

Әкім мәселемен өзі барып танысты.


ТҮРКІСТАН: Келестік тұрғындар көтерген мәселе шешілетін болды

Келестік тұрғындар көтерген мәселе шешіліп, көпір кеңейтіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев кезекті жеке қабылдауын өткізген болатын. Кездесуге келген Қошқарата ауылдық округінің Аманжар елді мекенінің тұрғындары №28 Мақташы жалпы орта мектебінің маңындағы Басабдал каналында орналасқан көпірдің ені тар екені, сол себепті жаяу жүргіншілер мен көлік тізгіндегендер көпірден өтуде қиындықтар туындап жатқанын айтып, аудан әкіміне жүніеген еді. Сонымен қатар кездесуде елді мекеннің орталық көшесіне түңгі жарық шамдарын орнатып беруін сұранған еді.


Тұрғындар мәселесін басты назарына алған аудан әкімі Ақментай Есбаев күні кеше Аманжар елді мекеніне барды. Елді мекенді көзден кешіру барысында тұрғындар сұранған көпірге келіп мән-жайды анықтап, ауыл әкімі Қонай Бекмұратовқа көпірді кеңейту бойынша тиісті жұмыстарды ұйымдастыруды тапсырды. Сондай-ақ, елді мекен ішіндегі басты көшеге, түңгі жарық шамдарын орнату бойынша да жұмыстар атқарылатын болды.