ТҮРКІСТАН: Келестің өнімдеріне сұраныс артып жатыр

0
573

Өнім өндіретін және оны сатып алатын тараптар алдағы уақытта әріптестік байланыс орнату бойынша келіссөздер пысықталатын айтты.


ТҮРКІСТАН: Келестің өнімдеріне сұраныс артып жатыр

Бүгін Келес ауданына еліміздің солтүстік және батыс өңірлері Атырау, Қостанай және Павлодар облыстары әкімдерінің орынбасарлары келіп, жергілікті шаруалармен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Алпамыс батыр ауылдық округінің қырыққабат өнімін егетін диқандармен кездескен делегация, піскен өнімді делдалсыз саудалап алу бойынша келіссөздер жүргізді. Келестік шаруалар өз қырыққабат өнімдерінің бағасын ашық алқаптағы егінінің келісіне - 150 теңге деп құн қойса, шығыны көптеу болған полиэтилен қаптамасы арқылы дайындалған өнімінің құнын -170 теңгеге бағалады. Өнім өндіретін және оны сатып алатын тараптар алдағы уақытта әріптестік байланыс орнату бойынша келіссөздер пысықталатын айтты.
Кездесу Ұшқын ауылдық округінде жалғасын тауып, жергілікті шарулармен тілдесті. Бұл ауылдық округінің шаруаларыда ұйымдастырылған шараға алғыстарын айтып өтті. Өз кезегінде келген делегация өкілдері де аз ғана қаржы жұмсап мол өнім алып отырғанын шаруалардың жұмысына қызықты.