ТҮРКІСТАН: Кентау қаласына жаңа әкім тағайындалды

0
954

Облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.


ТҮРКІСТАН: Кентау қаласына жаңа әкім тағайындалды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен, Президент Әкімшілігінің келісімімен Кентау қаласының әкімі болып Рашид Аюпов тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Рашид Аюпов 1981 жылы Кентау қаласында туған. Білімі жоғары. Шымкент университеті, Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университеті мен Академиялық инновациялық университетін бітірген. Информатика бакалавры, мемлекеттік басқару бакалавры, заңгер. «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Ұлыбританияда Патшайым Марияның Лондон университетін (Queen Mary University of London) аяқтаған, мемлекеттік басқару магистрі.


Еңбек жолын 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында «Даулет» өндірістік кооперативінің инженер-операторы ретінде бастаған.


2004-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ОҚО бойынша ақпарат және сынақ орталығының операторы, жетекші сарапшысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақпарат және сынақ орталығы директорының орынбасары және директоры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының көмекшісі болып қызмет атқарған. 2009-2015 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі, қаржы-шаруашылығы және кадр жұмысы бөлімінің бас консультанты, Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесі Басшылығы хатшылығының бас консультанты лауазымдарында еңбек еткен. 2015-2018 жылдар аралығында Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы, Қазақстан Республикасы Үкіметіндегі «Нұр Отан» партиясының өкілі, «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты Ақпараттық технологиялар орталығының директоры, Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі лауазымдарын атқарған. 2018 жылдың қыркүйек айынан «SHYMKENT» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамы басқарма төрағасы болып қызмет атқарған. 2019-2021 жылдары Түркістан қаласының әкімі және 2021 жылдың маусым айынан бүгінге дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.