Тұрғындардың арыз-шағымдары мен ұсыныс, пікірлерін қабылдайды.
Кентауда байланыс орталығы іске қосылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауында «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады. Сондықтан азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ, аса маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет» - деген болатын.
Кентау қаласының әкімі Даурен Махажанов халық пен жергілікті биліктің арасына ашықтық орнату мақсатында тұрғындардың арыз-шағымдары мен ұсыныс, пікірлерін қабылдайтын, сонымен қатар дер кезінде кері байланыс орнатылып жауабы берілетін "109 Баайланыс орталығын" құрды. Бүгінгі таңда орталықта арнайы мамандар жұмыс жасап, тұрғындар тарапынан келген өтініштерді қабылдауда. Қабылданған өтініш иелерін тіркеуге алып, заң аясында жауаптары белгіленген уақыт ішінде беріліп отырады. Енді Кентау қаласының тұрғындары үйін де отырып-ақ ұялы телефонның кез-келген байланыс ақпаратымен 109 нөмірін теріп, тегін қоңырау шала алады.
Бірыңғай байланыс орталығының операторлары тұрғындардан өтінімдерді мына байланыс арналары арқылы қабылдайды:
1. Қалалық және мобильді телефондардан 8(72536)5-96-07 бірыңғай нөмеріне қоңырау шалу
2. What’s App: 8 775344 8685 желісі арқылы
3. Instagram: ikomek_kentau парақшасы арқылы
4. Facebook: «Біріңғай байланыс орталығы» парақшасы арқылы.