ТҮРКІСТАН: Кентауда ойын алаңшасы пайдалануға берілді

0
398

Ауыл тұрғындарының демеушілігімен салынған.


ТҮРКІСТАН: Кентауда ойын алаңшасы пайдалануға берілді

Кентау қаласында ауыл тұрғындарының демеушілігімен салынған ойын алаңшасы ел игілігіне тапсырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау қаласы Қарнақ ауылында белсенді ауыл тұрғындарының демеушілігімен салынған ойын алаңшасы ел игілігіне тапсырылды.


Игі шараға қатысқан Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов пен қалалық мәслихат төрағасы Қабылан Елеусізов демеуші болған жандарға алғыс білдіріп, ауыл жастарын және тұрғындарын жаңа нысанның пайдалануға берілуімен құттықтады.


Сонымен қатар белсенді ауыл тұрғындары мұндай жобалардың алдағы уақытта өз жалғасын табатынын тілге тиек етті.


«Мемлекет бізге не береді деп емес, біз елімізге не бере аламыз деген мақсатпен ілгерлейтін уақыт. Біздің мақсатымыз артымызда өсіп келе жатқан жас балалар ыңғайлы, қажетті ойын алаңшаларда ойнап, салауатты өмір салтын ұстанса деген ниеттеміз. Біз мұнымен тоқтамаймыз. Мүмкіндігінше ауылға қажетті спорт алаңшалар салуды жалғастырамыз», – дейді ауыл тұрғыны Тауаккал Шамметов.


Ауыл ақсақалдары ақ баталарын беріп, жанашыр ауыл тұрғындарына ризашылықтарын жеткізді.


Тарихы терең Қарнақ ауылында пайдалануға берілген ойын алаңшасы барлық стандарттарға сай. Жарықшамдар орнатылып, айналасы абаттандырылған. Бір мезгіл тыныстап демалуға арналған жайлы орындықтар қойылған. Мұндай спорт алаңшасы осымен екінші рет ауыл балаларына табысталуда. Ауылдың белсенді тұрғындары жыл соңына дейін төрт алаңша салып беруді жоспарлап отыр.