Мал басын 300-ге жеткізуді жоспарлап отыр.
Кентаулық келіншек мемлекеттік бағдарлама арқылы шаруашылығын дамытып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгінде мемлекет тарапынан қаржылай қолдау тауып, шаруасын дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер қатары артып келеді. Соның бірі – Түркістан облысы, Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылының тұрғыны Шохнасам Маматраймова. Кәсіпкер келіншек «Сыбаға» бағдарламасы аясында мал шаруашылығын дамытуды қолға алған. Ол жетекшілік ететін «Еңбек» шаруа қожалығында бүгінде Ресей мемлекетінен алынған 120 бас «Симменталь» асыл тұқымды сиырлары бар.
«Еңбек» шаруа қожалығы 2021 жылы ашылып, қазіргі таңда етті-сүтті бағыттағы өнімдерді өндіріп жатыр. Қожалық 4 қызметкер және 1 техникамен қамтамасыз етілген. Шохнасам Маматраймова келешекте әр сиырдан күніне 15-20 литр сүт алып, мал басын 300-ге жеткізуді жоспарлап отыр.