ТҮРКІСТАН: Кентаулық түлектер балалар алаңшасын тарту етті

0
3 564

Елжандылықтың тамыры кіндік қаны тамған жерді, өскен өлкені сүю, оған құрмет таныта білу.


ТҮРКІСТАН: Кентаулық түлектер балалар алаңшасын тарту етті

Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылының 2001 жылғы түлектері жерлестеріне ерекше сыйлық жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қайырымдылық шаралары Түркістан облысының түлектері арасында дәстүрге айналғандай. Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылының N7 Ж.Жабаев мектебінің 2001 жылғы түлектері жерлестеріне ерекше сыйлық жасады. Жастар ауылдағы сабаққа балалар ойын алаңшасын орнатып, бүлдіршіндерді қуантты. Түлектер тартуының жалпы құны – 600 мың теңге.

Елжандылықтың тамыры кіндік қаны тамған жерді, өскен өлкені сүю, оған құрмет таныта білу. Елбасы мақаласынан бастау алған «Болашаққа бағдар: руғани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» бағыты осыған үндейді. Ауыл балаларын бақытқа бөлеген түлектер өзге де мектеп түлектерін игілікті іске мұрындық болуға шақырды. Жалпы, мұндай игі шара Кентау қаласында алғаш рет орын алып отырған жоқ. Дәл осындай тартуды 1984 жылы туған түлектері 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай, ауыл паркінде орналасқан «Мәңгілік алау» монументін қайта жаңартып, Ұлы Жеңістің 76 жылдығына керемет сый жасаған еді.