ТҮРКІСТАН: «Керуен сарай» кешені көктемде пайдалануға беріледі

0
1 034

Құрылыс нысанында 67 техника және 1320 адам жұмыспен қамтылған.


ТҮРКІСТАН: «Керуен сарай» кешені көктемде пайдалануға беріледі

Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы құрылысы қарқынды жүріп жатқан рухани-мәдени орталықтағы "Керуен сарай" кешеніне барып, атқарылып жатқан істер жайын талқылады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі уақытта аталған кешенде инфрақұрылым, яғни, су, жарық, кәріз жүйелері іске асуда. Аталған мәселелер болашақта сауал туындатпас үшін қазірден әр жасалып жатқан жұмысты бақылап тұрудың маңызы ерекше. Сол себепті, алда туристер үшін қызмет көрсететін теңдессіз нысанның жұмыс қарқыны жиі қадағаланып тұрады.

Жалпы, құрылыс жұмыстары 3 ауысымды өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Құрылыс нысанында 67 техника және 1320 адам жұмыспен қамтылған. Мұнда жол бөлігінің жалпы ұзындығы – 4,6 км, электрмен жабдықтау желілері - 10,225 км, су құбырлары 5,217 км, кәріз құбырлары - 4,653 км, газ құбырларының жалпы ұзындығы - 2,873 км құрайды. «Керуен Сарайы» Шығыс стиліндегі көп функционалды заманауи туристік кешені болып табылады. Қалашық аумағында әртүрлі деңгейдегі қонақ үйлер, мейрамханалар, отбасылық ойын-сауық кешені, шығыс базары т.б. ғимараттар орналасады. Жалпы құрылыс алаңы 20,5 га ауқымды жерді қамтиды. Нысан наурыз айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Жиналыс барысында мердігерлермен жарықтандыру жүйесін желтоқсан айына дейін, кәріз жүйесін қараша айына дейін аяқтау жайлы келісім жасалды. Рашид Абатұлы жиыннан соң қызметкерлердің тамақтану орнында болып, жүйесін бақылап, түскі астан дәм татты.