ТҮРКІСТАН: Кезекпен алған пәтерді заңсыз жалға бергендер анықталып жатыр

0
1 236

Аталған жұмыс әлі де жалғасады.


ТҮРКІСТАН: Кезекпен алған пәтерді заңсыз жалға бергендер анықталып жатыр

Түркістанда жұмысшы топ оннан астам пәтерді жалға беру дерегін анықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістандағы әлеуметтік әлсіз топтарға берілген пәтерлерге қатысты түскен шағымдардың артуына байланысты қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің өкімімен арнайы жұмысшы топ құрылып, баспаналардың иелерін нақтылау бойынша тексеруді бастады.


Аталған жұмысшы топ мемлекеттік кезек арқылы алынған тұрғын үйлерде пәтердің заңды иесі тұрған-тұрмағандығын тексереді. Яғни, кезек арқылы алған үйлерін заңсыз жалдамалы қолданысқа беріп отырған азаматтарды анықтайды.


Қазіргі таңда, комиссия жұмысын бастағалы «Отырар» шағын ауданында 540 пәтер араланып, онда 12 жалға беру фактілері белгілі болды. Одан бөлек, 34 пәтерде нақтылау жұмыстары жүріп жатыр. Аталған жұмыс әлі де жалғасады.