ТҮРКІСТАН: "Халықаралық мейіргерлер күні" аталып өтті

0
1 449

Түркістан облысы әкімдігі мен Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен өткен жиында өңірдің ақ халаттылары марапатталды.


ТҮРКІСТАН:

“Халықаралық мейіргерлер күніне” орай Түркістанда салтанатты іс - шара өтті - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы әкімдігі мен Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен өткен жиында өңірдің ақ халаттылары марапатталды.

Аталған іс шараға Түркістан облысы әкімнің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев қатысты. Өңірдің 100 - ден астам мейіргерлеріне облыс әкімінің атынан, облыстық мәслихаттың және Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының атынан марапаттау қағаздары берілді.
Кәсіби мерекеге орай облысымыздың «Ең үздік (мейіргер, акушер және фельдшер)» номинациялары беріледі. Осы номинант иегерлеріне (ең үздік) заманауи теледидар және «Ақсу–Жабағылы», «Біркөлік» оңалту-сауықтыру кешендерінен 20 жолдама сыйға тарту етіледі.
Іс – шараға Түркістан облысының түкпір – түкпірінен денсаулық саласына еңбегі сіңген 20 шақты ардагерлеріміз шақырылды.
Ақ халаттыларға бағалы сыйлықтар табысталып, айрықша құрметке ие болды.
Бүгінгі таңда өңіріміздегі 42 медициналық ұйымда медбикелермен қамтамасыз ету жағы 100% пайызды құрайды, бұл еліміз бойынша ең үлкен көрсеткіш. Бүгінде өңірдегі медицина мекемелердің материалдық-техникалық жабдықталуы анағұрлым жақсарды. Заманауи құрал-жабдықтар мен қондырғылар тек облыс орталығында ғана емес, аудандар мен қалаларда да орнатылуда. Бүгінде облыстағы медициналық ұйымда 17 мыңға жуық буын қызметкерлері халыққа қызмет көрсетеді. Халықтың денсаулығын сақтау сынды асыл міндет мемлекеттік саясаттың негізі болып отыр.
12 мамыр - Қырым соғысы кезінде мейірімділіктің алғашқы қызметін әлемде ұйымдастырған Флоренс Найтингейлдің туған күні. "Соғыс жылдары тұрақты стереотип қалыптасты: медбике-бұл жараланғандардың ұрыс алаңынан немесе операциялық үстелдің жанында тұрған санитар. Бүгінгі күні медбикелердің дәрігермен тек құқылы қызмет етуіне мемлекеттік деңгейге жағдай жасалуда.
Қазақстанның денсаулық сақтау саласында қазір 170 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді.
Түркістан облысында өткен мерекелік жиында ақ халатты абзал жандардың мерекесі концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.