ТҮРКІСТАН: Халықаралық театр күні аталып өтті

0
617

"Халық театрының" ұжымы Мұхамметқали Хасеновтың «Оралу» спектаклін сахналанды.


ТҮРКІСТАН: Халықаралық театр күні аталып өтті

Келес ауданында халықаралық театр күні аталып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданында "Халықаралық театр күніне" орай Әшірәлі Кенжеев атындағы Келес аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған "Халық театрының" ұжымы Мұхамметқали Хасеновтың «Оралу» спектаклін сахналанды. Көрерменге ой саларлық мәнді қойылымды аудан тұрғындар мен қонақтары тамашалады.


Қойылым желісі адамилық қасиет арқылы жамандықтан ізгілікке жол алу барысын бейнелейді. Сахна көрінісі көрермен қауымға терең ой салды. Көрермендер тарапы әр эпизодта өзіндік өнерімен тақырыпқа терең бойлата білген сахна шеберлеріне алғыстарын айтты.


«Өте керемет қойылым болды, ұйымдастырушыларға да рөлдерді сомдаған өнер саңлақтарына да рақмет! Лайым табыса болсын! Алдағы уақытта тағы да ой салар салмақты дүниелер күтеміз. Көрермен болуға біз дайынбыз» - деді Зағира Қыдырова.


Спектакль соңында «Халық театры» ұжымының актерларына құрмет көрсетіліп, тәрбиелік мәні мен маңызы зор қойылымнан рухани ләззат алған көрермен қауым бір серпіліп қалды.