ТҮРКІСТАН: Халықтық бақылау мүшелері мердігерлер жиналысына қатысты

0
721

Биыл Түркістан шаһары толығымен газбен қамтылады.


ТҮРКІСТАН: Халықтық бақылау мүшелері мердігерлер жиналысына қатысты

Халықтық Бақылау тобы Рашид Аюповтың төрағалығымен өткен қаланы газдандыру бойынша жиналысқа қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Биыл Түркістан шаһары толығымен газбен қамтылады. Алайда, кестеге сай белгіленген уақыттан мердігер мекемелердің қалып келе жатқаны бар. Күз мезгілі келіп, қысқа да дайындық басталар уақыттың жақындағанын айтып, жұмысты ширату қажеттігін айтқан Рашид Абатұлы бір апта ішінде барлық мекемелер кесте бойынша жұмысты аяқтау қажеттігін баса айтты.
Халықтық Бақылау тобының мүшесі Мұстафа Құлымбетов "Шавгар" мөлтек ауданында басталған газ жүйесінің аяқсыз қалғанын айтып, біршама кемшіліктерді мәлім етті. Ал, мердігерлік етіп, жұмыс жасап жатқан "Отау строй" мекемесі алдағы бір апта ішінде кемшіліктердің жойылатынына сендірді. Ендігі топ мүшесі аталған мәселені жіті назарына алатынын айтты.
Аталған кездесуге көше билері де (квартком) қатысты. Соның бірі Т. Бокин көшесіндегі екіқабатты үй тұрғыны. Биыл газ берілетіндігін және қысқы маусымға дайындық қалай боларын сұрай келген ана "Отау Строй" тарапынан 25 қазанда газ берілетіні жайлы мекеме өкілінің уәдесін алды.
"Көмірге кетер қаржыны газға келісімге тұруға жұмсағандарыңыз жөн. Қатты отыннан газ 42 пайызға үнемделеді. Сондықтан, осы жылы баршаңыз газ жүргізілген сәттен қосылып алуларыңызды сұраймын", - деген қала әкімі алда түсініспеушілік болмас үшін, мүмкін болса 8 мекемемен келісім жүргізуге шақырды.