Онлайн режимде бақ сынап жатқандары да бар.
«Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты ХІХ Халықаралық олимпиаданың ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістанда «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша қазақ диаспорасы балаларына арналған «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты ХІХ Халықаралық олимпиада басталды.
Мақсат – қазақ диаспорасының дарынды балаларын анықтауға және оларға әлеуметтік-құқықтық қорғау, тілге, әдебиетке, тарихқа ынталандыру және қазақ халқының мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру. Олимпиадаға шетелдегі қазақ диаспорасының білім беру ұйымдарының 14-17 жастағы оқушылары қатысып жатыр. Әрбір команда құрамында кемінде 8 оқушы, 2 жетекші бар.
Олимпиада эссе жазу, «Тарихи таным» зерттеу жұмыстарын 4 секция бойынша қорғау, үй тапсырмасы атты 3 турдан тұрады.
Айта кетейік, олимпиадаға қатысып жатқан 69 оқушының ішінде онлайн режимде бақ сынап жатқандары да бар. Олар Моңғолиядан - 4, Ираннан -12 оқушыны құрап отыр.