ТҮРКІСТАН: ХҚТУ-ға жаңа ректор тағайындалды

0
2 865

Халықаралық аналитикалық орталық Тиллотома қорының құрметті мүшесі.


ТҮРКІСТАН: ХҚТУ-ға жаңа ректор тағайындалды

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры қызметіне Темірбекова Жанар Амангелдіқызы тағайындалды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жанар Амангелдіқызын Ахмет Ясауи университетінің ұжымына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Каринова Шолпан Таңатқызы таныстырды. Аталған жиынға Түркістан облысы әкімінің білім саласына жауапты орынбасары Қалқаманов Сәкен Амангелдіұлы, университетіміздің 1-ші вице-президенті (ректор өкілі) Женгиз Томар мен университеттің сенат мүшелері қатысты.

Университет ректоры Жанар Амангелдіқызы өз сөзін ұлы баба Ахмет Ясауидің хикметінен бастай отырып, өзіне жүктелген жаңа қызметтің жауапкершілігін терең сезінетінін жеткізді. Ендігі жерде Елбасымыздың бастамасымен ашылған Халықаралық университеттің ең негізгі міндеті — қазақ елі мен бүкіл түркі әлеміне қызмет ететін білімді, салауатты, отансүйгіш, әрі жаңа ғасыр талаптарына сай мамандарды даярлау екендігіне тоқталды. Сонымен қатар, бабамыздың атымен аталатын білім ордасының қызметкері ретінде қазақ ұлтының рухын жаңғыртуды, Қазақстан деп аталатын отанымызды дамытуды және университет атын асқақтатуды “негізгі міндетім” деп санайтындығын жеткізді.

«Мәдениет пен өркениеттің негізі болып табылатын бұл университет тәуелсіз елдің мәңгі болашағын қазірден бастап қалыптастырушы білім ошағы. Қоғамға үлгі болатын қасиетті мекен. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Халық үніне құлақ асатын үкімет» тұжырымдамасын қабылдаған еді. Мен де өз кезегімде осы тұжырымдамадан шабыт алып, «Халық үніне құлақ асатын университет» концепциясын бірге қалыптастыруды ұсынатын боламын”,-деп ойын түйіндеді.

Темірбекова Жанар Амангелдіқызы Түркияның алдыңғы қатарлы Хаджеттепе университетінің Инженерлік факультетін бітіріп, аталмыш оқу орнының “менеджмент” мамандығы бойынша магистратура бағдарламасында білім алған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасында оқып, сол жерде кандидаттық диссертациясын қорғаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Жанар Амангелдіқызы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Анкара қаласындағы Өкілетті Кеңес басқармасында, ТҮРКСОЙ сынды халықаралық ұйымдарда еңбек еткен. Алматы қаласындағы КИМЭП, ҚБТУ және СДУ сынды бірнеше маңызды оқу орындарында студенттерге сабақ берумен қатар, Еуразия технологиялық университетінің ректоры, Алматы Менеджмент университеті президентінің кеңесшісі қызметін атқарған.

– Н.Назарбаев қорының Ғылым және техника саласындағы сыйлықтың лауреаты (2012 ж);
– БҒМ «ЖОО-ның
үздік оқытушысы» грантының иегері (2013 ж);
– Халықаралық ғылыми журналдарда жарық көрген ғылыми мақалалардың, жалпы 40-тан астам ғылыми еңбектер мен бірнеше монографияның авторы.
H indeksi: 5; i10:2, Сілтемелер индексі : 235;
– The International Journal of Entrepreneurship and Innovation; African Journal оf Business and Management; Gaziantep University Journal of Social Sciences халықаралық академиялық журналдарында рефери;
– Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Ғылым кеңесінің мүшесі;
– АҚШ-тағы Халықаралық Көшбасшылық Ұйымының мүшесі;
– Халықаралық аналитикалық орталық Тиллотома қорының құрметті мүшесі (Science and Education Policy Group).