ТҮРКІСТАН: Көпбалалы аналарға төсбелгі табысталды

0
634

Аталған марапатты 18 көпбалалы ана иеленді.


ТҮРКІСТАН: Көпбалалы аналарға төсбелгі табысталды

Кентаулық көпбалалы аналарға төсбелгілер табысталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау қаласының әкімі Рашид Аюпов жергілікті көпбалалы аналарды қабылдап, ҚР Президентінің жарлығына сәйкес «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыстады. Аталған марапатты 18 көпбалалы ана иеленді. Оның 2-і «Алтын алқа», 16-ы «Күміс алқа» иегері. Салтанатты марапаттау рәсімінде қала әкімі көпбалалы аналарды құттықтап, алғыс білдірді.


Қазір Кентау қаласында 1510 көпбалалы ана бар. Оның ішінде «Алтын алқа» иегерлері - 462, «Күміс алқа» иегерлері - 948. Сонымен қатар, I-II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған аналар - 65, «Батыр аналар» саны 35-ті құрайды. Жалпы жыл басынан бері 17 «Алтын алқа», 59 «Күміс алқа» төс белгісі табысталған.