ТҮРКІСТАН: Көпқабатты тұрғын үйлерді жылыту табиғи газбен жүзеге асырылады

0
840

Әкім жайбарақат жұмысқа қатаң ескерту берді.


ТҮРКІСТАН: Көпқабатты тұрғын үйлерді жылыту табиғи газбен жүзеге асырылады

Түркістандағы "Жылу" мекемесінде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету биыл газ қолдану арқылы жүзеге асырылатын болады. Шаһар басшысы бұл жайлы ертеректе айтып өткеніндей, қазіргі уақытта "Жылу" мекемесінде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алайда, қызметкерлердің жайбарақат жұмысын көрген Рашид Абатұлы қатаң ескерту беріп, биыл көмірді тұтынудан бас тарту қажеттігін айтып, істі ширатуды тапсырды.

Сондай-ақ, қала тұрғындары атсалысқан «Халықтық жобамен» салынып жатқан сквер мен аллеялар да қала әкімінің жіті назарында. Серуен құратын орындар – аумақ халқының көңілінен шығуы үшін жоба бойынша сапалы салынып, уақытылы аяқталуы тапсырылды.

Сонымен қатар, базар аумағында карантин режимінде сақтық шараларын сақтамай сауда жасап отырғандар да полиция назарына алынды. Бұған дейін көше аумағында шашылған қоқыстар бойынша мамандарға бірқатар сындар айтылған еді. Базарды аралау барысында саудагерлердің бейберекет қоқыс тастап, аумақтың тазалығына кері әсер еткендіктері белгілі болды.