ТҮРКІСТАН: Көптеген тарихи ескерткіштердің сақталуы нашар деңгейде екенін ашық айтты

0
3 056

Қазір Қазақстанда 25 мыңнан астам тарихи-мәдени мұра объектілері бар.


ТҮРКІСТАН: Көптеген тарихи ескерткіштердің сақталуы нашар деңгейде екенін ашық айтты

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістанда тарихи мұраларды қорғауға арналған жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік – мәдени даму комитетінің «Тарихи-мәдени мұраны қорғау мен кеңінен танытудызаңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету» деген тақырыпта көшпелі отырысы өтті.

Отырыс жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері, Түркістан облысы әкімдігінің басшылығы мен қызметкерлері, мемлекеттік органдардың, қоғам, мәдениет, археология ұйымдарының өкілдері, сарапшылар, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің және Қазақстанның басқа жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысты.

Аталған жиын шеңберінде тарихи-мәдени мұраны қорғау мен кеңінен танытудызаңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелері қаралды, «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобалары талқыланды.

Заң жобаларында тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, оларды есепке алу, тарихи-мәдени сараптама жүргізу, объектілерді паспорттау мәселелеріне ерекше назар аударылған. Депутаттар және Комитет отырысына қатысушылар бүгінгі таңда көптеген жаңадан анықталып, тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесі берілген объектілердің сақталуы жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілмейтіні атап көрсетті.

Айта кетейік, Қазақстанда 25 мыңнан астам тарихи-мәдени мұра объектілері бар. Оның 11 мыңға жуығына тиімді пайдалануды, ұтымды басқаруды және оларды сақтау мен қорғау бойынша заң, әкімшілік шараларды қамтамасыз етуді талап ететін жалпыұлттық мәдени байлық болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесі берілген.

Сондай-ақ, отырыс қорытындысында қатысушылар қоғамның барлық тыныс-тіршілігі саласында ауқымды өзгерістер жасауға ынталандырған Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларында қойылған міндеттерді орындау қажеттігін атап өтті.