ТҮРКІСТАН: Көшедегі сауатсыз жарнамаларға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді

0
2 334

Жетісай ауданында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Сауатты жарнама – тіл тазалығының айнасы» тақырыбында акция болып өтті.


ТҮРКІСТАН: Көшедегі сауатсыз жарнамаларға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Акция барысында бірқатар кемшіліктер анықталып, мемлекеттік мекеме басшыларына, кәсіпкерлік және жеке тұрғын үй нысандарының иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ауданда орналасқан мемлекеттік мекемелерге, кәсіпкерлік нысандарға «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабының деректемелер мен көрнекi ақпарат тiлi туралы заң талаптарына қайшы келетін маңдайша және жарнама жазуларына жол бермеу, олардың алдын алу жүйесін қалыптастыру мақсатында өткен шараға Жетісай қаласының әкімдігі, аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, ішкі саясат бөлімі, тілдерді оқыту және дамыту орталығының мамандары қатысты.
Акция барысында нысан иелеріне мекеменің бланкiлері, маңдайшалары, хабарландырулары, жарнамалары, прейскуранттары, баға көрсеткiштерi мен басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде, ал, қажет болған жағдайда басқа да тiлдерде жазылатындығы түсіндірілді.

Сондай-ақ көрнекi ақпараттың барлық мәтiнi мынадай ретпен: мемлекеттiк тiлде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде он жағында немесе төменгi жағына орналасып, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылатындығы туралы кәсіпкерлерге түсіндірілді.
Бүгінде кемшіліктер жіберілген көше аттары мен кәсіпкерлік нысандар бойынша жетеуі заң талаптарына сәйкестендірілсе, тағы бірнешеуімен тиісті жұмыстар жүргізілуде.