ТҮРКІСТАН: Құтқарушылар бір жасар сәби мен анасын құтқарып қалды

0
1 566

"Алматы - Шымкент" автожолында 593-632 шақырымда автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылған.


ТҮРКІСТАН: Құтқарушылар бір жасар сәби мен анасын құтқарып қалды

фото: ашық дереккөзден алынған

Түркістан облысының құтқарушылары аязды күнде жолда қалып қойған ана мен бір жасар сәбиді құтқарып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Олар Бәйдібек ауданы, Алмалы ауылдық округі, Бәйдібек елдімекенінен табылған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Бәйдібек ауданына автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелген болатын. Соған қарамастан жолға шығып көлікте қалып қойғандарды жедел-құтқару жасағының құтқарушылары құтқару жұмыстарын жүргізді. 1975 жылы туған ана мен 2018 жылы туған сәбиді құтқарушылар 35 шақырым қашықтықта орналасқан жылыну бекетіне жеткізген. Онда ана мен баланы жедел жәрдем қызметі күтіп алып, аудандық апарған. Қазір екеуі де дәрігерлердің бақылауында.

Сондай-ақ, Түркістан облысы, Түлкібас ауданында метеорологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты 21.12. 14-30-дан бастап республикалық маңызы бар "Алматы - Шымкент" автожолында 593-632 шақырымда автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылған. Боран мен бұрқасын салдарынан автожолдар да көрінбей қалған. Қар үйінділерінен тазартылған жерге 16 адам мен 12 көлік эвакуацияланған. Сақылдаған сары аязда жолда қалып қойған 66 адам вахта машинасында жылынып алған. Бұл туралы Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Ауа райының нашарлауына байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Түркістан облысы Түлкібас ауданы Шакпак баба ауылына "ӨС және АҚЖҚ" ММ 9 қызметкерлері және 3 бірлік техникасы шықты: «Урал» вахталық машина - 2 бірлік, Трэкол – 1 бірлік. 21-22 желтоқсан аралығында Өрт сөндіру қызметінің мамандандырылған және жедел-құтқару жасақтарының күшімен Түлкібас ауданы Шақпақ баба асуында ававриялық-құтқару жұмыстары жүргізілді,"-делінген хабарламада.