Қазығұрт және Төлеби аудандық орталық ауруханаларына да оттегі концентраторларын тарту еткен.
Мақта өңдеу компаниясы түркістандық ауруханаға облысына 10 оттегі концентраторын сыйға тартты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы Шардара аудандық орталық ауруханасына жомарт жандардың демеушілігімен 10 оттегі концентраторы табысталды. Игі іске ықпал болған "ICC" мақта өңдеу компаниясы Қазығұрт және Төлеби аудандық орталық ауруханаларына да оттегі концентраторларын тарту еткен. Коронавирус инфекциясымен күресте аса қажетті дүниені қабылдап алған аудандық аурухананың бас дәрігері Нұржан Нөсеров демеушілерге бүкіл ұжымы атынан алғысын білдірді.
Шардара аудандық ауруханасында оттегі концентраторларының саны осымен 40-қа жетті. Айта кету керек, коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары аясында Шардара аудандық ауруханасына таяу күндері ғана жылжымалы медициналық кешен берілген болатын. Көшпелі емхана аудан орталығынан шалғай орналасқан ауылдардарға барып медициналық көмек көрсететін болады. Заманауи медициналық кешен флюорография, ультра дыбыстық зерттеу, ЭКГ, офтальмоскоп, оториноскоп, зертхана және жалпы тәжірибелі дәрігер кабинетімен жабдықталған.
Қазіргі таңда ауруханада коронавирус инфекциясымен ем қабылдап жатқан науқас жоқ. Ықтимал екінші толқынға дайындық тұрғысында аурухана 200-ге жуық пульсоксиметр, 9 дана ИВЛ-мен қамтылған. 100 төсек орын орталықтандырылған оттегі нүктесімен жасақталған. Медициналық ұйымның қызметкерлері тарапынан коронавирусқа қарсы оперативті жоспар даярланды. Дезинфекциялық ертініділердің, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, жеке қорғаныс құралдарының және дәрі – дәрмек қоры толық жабдықталды. Covid-19 індетіне шалдыққан науқастарға медициналық көмекті көрсету үшін 16 мобильді топ құрылған.