​ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: Аудандық үміткерлер ауыл ақсақалдарымен кездесті

0
1 771

Елдің саяси өмірінде үлкен рөлге ие «Nur Otan» партиясы 10 қаңтарда өтетін сайлауға қызу дайындық жүргізуде.


​ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: Аудандық  үміткерлер ауыл ақсақалдарымен кездесті

Жер-жерлерде кездесулер өткізіліп, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіруде. Тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдауда.

Сондай кезекті кездесу Жаңа жол ауылдық округінде болып өтті. Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Мұхтар Әжіқабылов пен Сүндет Кенжебаев «КАНВАССИНГ» шарасы аясында Нұрлы жол ауылының биі, еңбек ардагері Жақсылық Құдіретовтің үйінде болды.

Кездесу барысында кандидаттар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы негізгі 7 басымдықты таныстырды. Елдегі жеткен жетістіктер мен алдағы жоспарлар талқыланды.
Ауыл ақсақалы Жақсылық Құдіретов болашақ депутаттармен кездесу барысында кәсіпкерлік саласына берілетін қаржылар мен тұрақты жұмыс орындарын ашу, жастарға арналған демалыс орындарын салу мәселелерін қозғады.

Үміткерлер ақсақал айтқан мәселелердің «Nur Otan» партиясының бағдарламасында қарастырылғанын жеткізді. Алдағы уақытта елімізде жылына орташа алғанда 5 мың адамды қамтитын «Алғашқы жұмыс орын» жобасы іске қосылып, жас кәсіпкерлердің бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін жылына 10 мың грант берілетін болады. Мұнан да басқа, ауылдық жерлерде спорт нысандары мен алаңдарын, 450 мыңнан астам жасты қамтитын заманауи демалыс орындарын салу жоспарланған.

«Осындай игі істерді жүзеге асырып, оң нәтижелерге жетіп отырған «Nur Otan» партиясы адамдардың бәріне бірдей игілік пен ортақ шешімге жету үшін белсенді саяси үндесуге дайынбыз. Сындарлы пікір алмасу және ой бөлісу, өзара тиімді ынтымақтастық – қоғамның өркендеуінің кепілі», - дейді кандидат Мұхтар Әжіқабылов.


«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді