ТҮРКІСТАН: Мақтааралда 386 үй иелеріне табысталды

0
687

ҚР Премьер-министрінің алғыс хаттарын табыс етті.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда 386 үй иелеріне табысталды

Мақтааралда жаңа шағынаудан ашылып, 386 үй ел игілігіне берілді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Техногенді сипаттағы төтенше жағдай орын алған Түркістан облысы Мақтаарал ауданының тұрғындары қоныс тойын тойлауда. Апат аумағында қираған үйлер қалпына келіп, Мырзакентте жаңа шағынаудан бой көтерді. 386 отбасын қуанышқа бөлеген қоныс той салтанатты түрде атап өтілді. Қоныс иелерінің қуанышымен бөлісу үшін Мақтаарал ауданына арнайы келген Премьер-министрдің орынбасары Р.Скляр, Өзбекстан Республикасының су шаруашылығы министрі Ш.Хамраев, Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев тұрғындарды құттықтап, баспана кілттерін табыстады.

Алғаш боп сөз алған ҚР Премьер-министрінің орынбасары, төтенше жағдай жөніндегі республикалық комиссияның төрағасы Роман Скляр мақтааралдықтарды құттықтап, игі тілегін жеткізді.

Сонымен қатар, Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдай кезінде ерекше қызмет атқарған бір топ азаматтарға ҚР Премьер-министрінің алғыс хаттарын табыс етті. Олардың арасында Өзбекстан Республикасының су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев пен Өзбекстан Республиасының төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары Абдулла Кулдашов та бар.