«1-наурыз – Алғыс айту күні» мерекесіне орай, Мақтаарал ауданына Өзбекстанның Сырдария ауданынан қонақтар келді.
Елдегі мызғымас достық пен бірліктің символы болған «1-наурыз – Алғыс айту күні» мерекесі еліміздің барлық өңірлері секілді ақ алтынды Мақтаарал ауданында да өз деңгейінде салтанатты түрде аталып өтті - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
«Бүгінде көпұлтты халықты достық құшағына сыйғызған Қазақстан Республикасы тұрақтылық пен татулықтың мекеніне айналып отыр. Мемлекетіміздің халықаралық беделінің артуы, экономикалық-әлеуметтік дамуымыздағы барша жетістіктеріміз халқымыздың мызғымас достығының жемісі. Біздің алдымызда экономиканы жаңа деңгейге көтеріп, халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған міндеттер тұр. Қазіргі кезде кеңінен талқыланып, жаппай қолдау тауып жатқан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың әрбір тапсырмасы мен тың идеяларының негізгі мақсаты – халықтың әл-ауқатын көтеру болып табылады. Осы мақсаттарға жету үшін біз бұдан былай да бір тудың астына жиналып, бірлік пен ынтымақ жағдайында табандылықта жұмыс істеуіміз керек»,- деген аудан әкімі Бақыт Насырханұлы көпшілікті айтулы мерекемен құттықтап, жемісті еңбектері мен жеткен жетістіктері үгін ауданның бірқатар азаматтарын "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалының алғыс хатымен марапаттады.