ТҮРКІСТАН: Мақтааралда мектеп лигасы басталды

0
1 648

Лигада жыл бойына 56 команда спорттың футбол, волейбол сынды түрлерінен өзара мықтыларды анықтайтын болады.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда мектеп лигасы басталды

Кәмелетке толмағандардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру арқылы бұқаралық спортты дамыту мақсатында Мақтаарал ауданында мектеп лигасы бастау алды деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жастарды, көпшілікті спортқа баулып, қоғамдық спорт алаңдарын ашуды, оларға жағдай жасап, дамытуды мемлекет жіті назарға алып қамқорлығын арттырып отыр. Бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылып та келеді. Солардың бірі – Мақтаарал ауданында 2012-жылы бастау алған мектеп оқушыларының лигасы.
Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен бастау алған биылғы мектеп лигасына аудан мектептерінен 56 команда қатысып отыр. Жыл бойына оқушылар арасында спорттың футбол және волейбол түрлерінен өтетін лиганың басты мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу, олардың бос уақыттарын тиімді пайдалана отырып бұқаралық спортты дамыту болып табылады.
«Спорт – тәрбие құралы. Жас ұрпақтың жүрегіне Отансүйгіштік сезімін қалыптастыру үшін спорт таптырмас көмекші. Себебі, өскелең ұрпақты спортты сүюге, оны серік етуге баулу арқылы тек салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, олардың бойында еңбекқорлық, төзімділік, әділдік сияқты жоғары қасиеттерді де қалыптастырамыз», дейді Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Сүндет Кенжебаев.