ТҮРКІСТАН: Мақтааралда мереке тойланды

0
1 511

Аудан орталығы Мырзакент кентінің орталық алаңында өткен мерекелік іс-шараға ауданды мекен ететін барлық ұлттар мен ұлыстардың өкілдері қатысты.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда мереке тойланды

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі еліміздің барлық өңірлері секілді қазыналы Мақтаарал ауданында да өз деңгейінде салтанатты түрде аталып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аудан орталығы Мырзакент кентінің орталық алаңында өткен мерекелік іс-шараға ауданды мекен ететін барлық ұлттар мен ұлыстардың өкілдері қатысты. Әрбірі өз салт-дәстүрлеріне тән ұлттық өнерлерін көрсетіп, ән салды. Ұлттық билерін биледі. Ұлттық тағамдар мәзірінен дастархан жайылып, келген қонақтар дәм татты. Сонау ерте кездерде түрлі жағдайлармен келіп елімізде тұрақтап қалған өзге ұлттар мен ұлыстардың өз тілінде еш кедергісіз білім алып, тарихын танып білулеріне барлық жағдайлар жасалған. Міне соның нәтижесі болар елімізде саяси тұрақтылық пен ынтымақтастық қамалы берік қаланған.


“Бүгінде көп ұлтты халықты достық құшағына сыйғызған Қазақстан Республикасы тұрақтылық пен татулықтың мекеніне айналып отыр. Мемлекетіміздің халықаралық беделінің артуы, экономикалық-әлеуметтік дамуымыздағы барша жетістіктеріміз халқымыздың мызғымас достығының жемісі” деген Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтады.

Сондай-ақ, мерекелік салтанатты іс-шарада аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламаларымен қатар ауданның даму тарихы, тыңды игеру, Ұлы Отан соғысы жылдарынан сыр шертетін кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.
Қырыққа тарта ұлттың өкілдері тату-тәтті тұратын ауданның өткені мен бүгіні, ертеңі жайында да сөз қозғалды. Күн санап қарыштап дамып, әлемдік аренада өзіндік орынға ие болып отырған мемлекетіміздің дамуында өзге ұлт өкілдерінің де қосқан үлестерінің аз емес екендігі айтылды.
Іс-шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.