Мақтаарал ауданында өткен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XXXV конференциясында Елбасымыздың, «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVIІІ Съезінде берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы, «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс XXXVIІ конференциясына делегаттар сайлау мәселесі қаралды.
«Нұр Отан» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының кезектен тыс XXXV конференциясы болып өтті - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жиынға аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы Бақыт Асанов төрағалық етті. Конференцияға одан өзге аудандық мәслихаттың хатшысы Қадыр Сәрсекбаев, аудандық маслихаттың депутаты Ибадулла Үмбетаев, «Нұр Отан» партиясының облыстық және аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, партия ардагерлері, барлық деңгейдегі мәслихаттардағы депутаттық фракциясының мүшелері, жергілікті атқарушы органдар мен бастауыш партия ұйымдарының басшылары, құқық қорғау органдарының басшылары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарының басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және «Жас Отан» ЖҚ мүшелері қатысты.
Конференцияның күн тәртібіне Елбасымыз, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың партияның кезекті ХVIІІ Съезінде берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы, «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс XXXVIІ конференциясына делегаттар сайлау мәселесі қаралды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық партия филиалы Саяси кеңес Бюросының мүшесі, ХVIІІ Сьезд делегаты Молдабек Битеміров баяндама жасады. Сонымен қатар, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Сейіткерім Мелдеханов, Айни жалпы орта мектебінің директоры Шокир Бабаев, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Сауле Сейдуалиева, № 14 колледж мұғалімі Мұрат Ауесбаев жарыс сөзге шықты.