Мақтаарал ауданында жылына 70 трактордың тіркемесін шығаратын өндіріс орны іске қосылды.
Мақтаарал ауданында трактордың тіркемелерін шығаратын зауыт іске қосылды - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Өндіріс орнының қуаттылығы жылына 70 тіркемеге дейін. Бүгінде мұнда 16 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Мемлекеттік грантпен ауданда алғаш рет іске қосылып отырған шағын зауыттың ашылу салтанатына Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов пен республика аумағынан келген ауыл шаруашылығы саласының ғалымдары мен көршілес аудандардың кәсіпкерлері, шаруалар қатысты.
Олар заманауи үлгідегі жаңа тіркемелердің жасалуы мен құрастырылу цехтарын аралап, жұмысымен танысты. Өз идеясының халыққа тиімді екенін дәлелдеп, мемлекеттің қайтарымсыз 225 млн теңге грантын жеңіп алған Нұрлан Нұрбеков аграрлы аймаққа қажетті тіркемелерді шаруаларға тиімді бағада шығаруды көздеп отыр.