ТҮРКІСТАН: Мақтааралдағы құрылысқа атсалысқандар марапатталды

0
658

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев табыстады.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралдағы құрылысқа атсалысқандар марапатталды

Түркістан облысында құрылысқа атсалысқандар «Халық алғысы» медалімен марапатталды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында жаңа шағынаудан ашылып, 386 үй су апатынан зардап шеккен тұрғындардың игілігіне берілді. Жаңа шағынаудан тұрғындарының қуанышына ортақтасқан облыс басшысы қиындықтың артта қалғанын айтып, әр отбасы үшін баспаналарының берекелі болуын тіледі. Сондай-ақ, облыс басшысы жаңа мөлтек ауданның құрылысына атсалысқан бірқатар азаматтарға ҚР Президентінің алғыс хаттары мен «Халық алғысы» медалін табыстады.

«Сардоба су қоймасындағы бөгеттің бұзылуы шекаралас екі ел үшін де оңайға соқпады. Апат айтып келмейді. Осы тосын жағдайды естіп, мақтааралдықтардың тағдырына алаңдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Мақтааралға мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетілді. Зардап шеккен ауылдардың әрбір азаматы қамқорлықсыз қалмады. Бүкіл ел болып көмек қолын созды. Қиындықтар артта қалып, осы сәт өмірлеріңіздің жарқын кезеңі болсын. Жаңа қоныстарыңыз жайлы да, берекелі болуына шын жүректен тілектеспін», – деді облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы.