ТҮРКІСТАН: Мақтааралдықтар Рамазан айында ішімдік сатудан бас тартты

0
2 372

Тіпті, Рамазан айында өтетін тойларды да ішімдіксіз өткізуге ниеттеніп отыр.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралдықтар Рамазан айында ішімдік сатудан бас тартты

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында бірқатар ірі кәсіпкерлер қасиетті Рамазан айында спиртті ішімдіктерді сатпайтын болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Мақтаарал аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен аудандық мешіт имамдарының біргелікте жүргізген жұмыстарының нәтижесінде аудандағы кенттер мен ауылдық округтердегі бірқатар ірі кәсіпкерлер қасиетті Рамазан айында ішімдік сатудан бас тартып, мейрамханаларда тойларды ішімдіксіз өткізуге уағдаласып отыр.
Аудан имамдары игілікті бастамаға қолдау білдіріп, табыс көзінің бір бөлігінен бас тартып отырған кәсіпкерлерді аудандық “Абдул Аким” орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Бимағамбетовтың алғыс хаттарымен марапаттады.
Мұндай бастама алдағы уақытта ауданның барлық ірілі-ұсақты кәсіпкерлерінің арасында жүргізіле беретін болады.