ТҮРКІСТАН: Мәслихат депутаты 20 тонна көкөністі тегін таратты

0
1 044

Азаматтық парызым ретінде қол ұшын созды.


ТҮРКІСТАН: Мәслихат депутаты 20 тонна көкөністі тегін таратты

Жетісай аудандық мәслихатының депутаты 20 тонна қырыққабат тегін тараты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елбасы, "Nur Otan" партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған #BizBirgemiz республикалық акциясын қолдау мақсатында Жетісай аудандық мәслихатының депутаты Марат Қалдыбаев Жетісай қаласына және Жаңа ауыл елді мекеніне 20 тонна қырыққабат тегін таратты.

«Қайырымдылық қанымызға сіңген қасиет ғой. Тегін таратуымның себебі, аудан тұрғындарына Елбасы, "Nur Otan" партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған #BizBirgemiz республикалық акциясын қолдау мақсатында, әрі азаматтық парызым ретінде қол ұшын созу", - дейді Марат Қалдыбаев.