«Дәрігерлер аллеясы» ашылды.
Түркістандық медицина қызметкерлері құрметке бөленді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгін Түлкібас аудандық мәдениет үйінде шырқаған әсем әндер мен жүрекжарды тілектердің барлығы ақ халатты абзал жандардың құрметіне айтылды. Гиппократ антын өмірлік қағида етіп қабылдаған дәрігерлер сый құрметке ие болды. Сонымен қатар, «Дәрігерлер аллеясының» ашылу шарасынан соң, медицина саласының қызметкерлері аудандық мәдениет үйіне жиналып, мерекелік концертті тамашалады.
Саланатты шараның ашылу салтанатында алғы сөз алған аудан әкімі Нұрлан Байғұт күн-түн демей халықтың саулығы үшін бар күш-жігерін жұмсап жүрген жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, үздік сала мамандарын облыс әкімі мен аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.
Сондай-ақ, жиында аудандық мәслихат аппаратының басшысы Тұрлыбек Бердиев пен аудандық аурухананың бас дәрігері Бахыт Тұрлыбеков жиналған қауымды кәсіби мерекелерімен құттықтап, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының және денсаулық сақтау басқармасы басшысының алғыс хаттарымен марапаттады. Салтанатты шара жалғасы концерттік бағдарламаға ұласып, ақ халатты абзал жандар мерекелік көңіл-күйге бөленді.