ТҮРКІСТАН: Мемлекет қайраткері жастармен бірге ағаш екті

0
515

Түркістан облысында 170 іс-шара өткізу жоспарланған.


ТҮРКІСТАН: Мемлекет қайраткері жастармен бірге ағаш екті

Бәйдібек ауданындағы киелі мекендер мен туристік нысандарды аббаттандыру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Таза Қазақстан» республикалық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында Бәйдібек ауданындағы киелі мекендер мен туристік нысандарды аббаттандыру жұмыстары жүргізілуде.


Мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы экологиялық акцияның «Киелі мекен» апталығына өз үлесін қосуда. Бүгін Бәйдібек ауданына арнайы сапармен келген Оразкүл Асанғазиева «Аппақ ишан» сәулет-көркем мүзейінде аудан жастарымен бірге шырша көшетін отырғызды.


“Бүгін өзім қызмет еткен Бәйдібек ауданына келіп, «Аппақ ишан» киелі орнында аудан жастарымен және музей қызметкерлерімен бірге ағаш отырғыздым. Бұл – біздің тарихи мекеніміз. Қазіргі таңда жастарға ұлы тарихымыздан сыр шертіп тұрған сәулет-көркем музейі”, – деді Оразкүл Асанғазықызы.


Жалпы «Киелі мекен» аптасында Түркістан облысында 170 іс-шара өткізу жоспарланған. Соның ішінде зиярат етушілер мен туристер көп болатын Сауран қалашығы, «Укаша ата» мен «Жүсіп ата» кесенесі, Ысқақ баб пен Баба түкті Шашты Әзіз кесенесі секілді киелі орындар тазаланады. Алдағы уақытта «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» науқаны бойынша іс-шара жоспары әзірленіп, жүйелі жұмыстар атқарылады.