ТҮРКІСТАН: «Nur Otan» партиясы құрылыс сапасын қадағалайды

0
1 334

Сондай-ақ, бұл жұмыстарға әрбір ел азаматы қатыса алады.


ТҮРКІСТАН: «Nur Otan» партиясы құрылыс сапасын қадағалайды

«Nur Otan» партиясы құрылыс сапасын қадағалауға ала бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысына «Nur Otan» партиясы орталық аппаратының Партиялық бақылау тобы арнайы іс-сапармен келіп, құрылыс сапасын бақылап, бөлінген қаржының жұмсалу барысына мониторинг жүргізді.

Айта кету керек, елімізде «Nur Otan» партиясының қолға алуымен «Құтты мекен» жобасын жүзеге асуда. Мұндағы мақсат – әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымды дамыту жұмыстарын бақылау жасау. Партия құрылыс жүріп жатқан аймақтардағы жұмыстардың уақытылы әрі сапалы атқарылуына бақылау жасайды.
Сондай-ақ, бұл жұмыстарға әрбір ел азаматы қатыса алады. Қандай да бір заң бұзушылықтарға куә болған азаматтар партияның интернет ресурстары мен әлеуметтік желідегі парақшаларына хабарлама жібере алады. Ал, партиядағы жауапты мамандар заң бұзушылықтарды жою бағытында жұмыс жасамақ.