ТҮРКІСТАН: Облыс әкімі құрылыс алаңдарын аралап шықты

0
2 964

Көпқабатты тұрғын үйлердің іргетасы қаланып, құрылыс-монтаждау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.


ТҮРКІСТАН: Облыс әкімі құрылыс алаңдарын аралап шықты

Түркістан облысында бірнеше ірі нысан салынып жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қаладағы құрылыс алаңдарын аралап, жүргізіліп жатқан жұмыс барысын бақылады. Салынып жатқан демалыс орындарының мән-жайымен танысып, жауапты сала басшыларына тапсырмалар берді. Облыс басшысы «Түркі бағы» мен Яссауи көшесі бойынан салынып жатқан желілік саябақтың құрылысымен танысты.

Бүгінгі таңда жерді тегістеу жұмыстары 30% аяқталып, су сақтау қоймасын (резервуар) орнатуға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Өңір басшысы «Керуен сарай» тұрғын үйлер кешенінің құрылысымен танысты. Қазіргі таңда көпқабатты тұрғын үйлердің іргетасы қаланып, құрылыс-монтаждау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ауқымды жоба алдағы қараша айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Өмірзақ Естайұлы ғылыми-әмбебап кітапханасында болды. Нысанның сыртқы және ішкі әрлеу, инженерлік желілерін монтаждау және құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде. Кітапхана алдағы ақпан айында ел игілігіне берілмек.

Мұнан соң өңір басшысы Халықаралық туризм және меймандостық университетін аралап, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Сондай-ақ, Түркістандағы көмекші мектеп-интернаты жатақхананың құрылыс алаңын аралап көрді. Жатақхананың құрылысы аяқталған. Ғимарат инженерлік жүйелермен қамтамасыз етілген.

Аймақ басшысы рухани-мәдени орталықтағы абаттандыру жұмыстарымен танысты. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің аумағын абаттандыру 4 кезеңмен жүзеге асуда. Жоспарланған істің жартысынан астамы аяқталған. «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының аумағындағы 9 гектар аумақ абаттандырылуда. Құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүріп жатыр. Көпжылдық көшеттер егіліп, инженерлік желілер тартылған, аяқжолдар төселген.

«Тұңғыш Президент саябағының» аумағындағы құрылыс та облыс әкімінің басты бақылауында. 38 гектар аумақ тұтастай жасыл желекке оранады. Көгалдандырылып, жасанды көлдің тіреу қабырғаларының бетон жұмыстары аяқталып, габионмен қапталған. Бас қақпасы орнатылып, мәрмәр таспен қапталуда.