ТҮРКІСТАН: Облыстық музейде «Бір шаңырақ астында» атты іс-шара өтті

0
521

Мерекелік шарада қонақтар сөз сөйлеп, Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әншілері мен жас өнерпаздардың орындауында ән шырқалды.


ТҮРКІСТАН: Облыстық музейде «Бір шаңырақ астында» атты іс-шара өтті

Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Бір шаңырақ астында ...» атты іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Бір шаңырақ астында ...» атты іс-шара өтті.


Аталған шараға Түркістан облыстық және Шымкент қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары және мүшелері, ЖОО студенттері мен мектеп оқушылары қатысты. Мерекелік шарада қонақтар сөз сөйлеп, Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әншілері мен жас өнерпаздардың орындауында ән шырқалды. Сонымен қатар түрлі ұлт өкілдерінің орындауында ұлттық билер орындалды.


Айта кетейік, іс-шараның мақсаты – Халықтар арасындағы достықты нығайта отырып, ынтымақтастыққа, өз Отанын сүюге дәріптеу. Сондай-ақ келген қонақтарға қазақ және елімізде тұрып жатқан өзге де ұлттардың тағамдары мен киімдерін таныстыру арқылы, олардың мәдениетін насихаттау, ұлтаралық бірлікті нығайту.