Түркістан облысы ет экспорты бойынша көш басында

0
2 545

Жыл басынан бері екі айда 454,5 тн. сиыр еті, 84 тн. қой еті, 400 тн. құс еті экспортталды.


Түркістан облысы ет экспорты бойынша көш басында

Түркістан облысы ет экспорты бойынша республикда жетекші орынға ие, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ірі қара мал етін экспортаудан Түркістан облысы Республикада 1 орында. Өткен жылдың қортындысымен 5,4 мың тн. ІҚМ еті экспорталып, Республиканың 74 % құрады. Қой еті экспортының 38 % (491,1 тн.) , құс етінің 25 % (2734,3 тн.) Түркістан облысына тиеселі. Жыл басынан бері екі айда 454,5 тн. сиыр еті, 84 тн. қой еті, 400 тн. құс еті экспортталды.

Бұдан бөлек, былтыр облыстан тірілей 39 мыңдай бас ірі қара, 18 мың бас қой, 664 бас жылқы экспортталса, 2021 жылдың 2 айының өзінде 20 мыңнан астам ірі қара мал, 18 мыңға жуық қой, 30 бас жылқы, 15 бас түйе экспортталды. Ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктер Сарыағаш ауданында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен өткен семинарда ортаға салынды.

2011 жылы ҚР Үкіметі тарапынан қабылданған «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасы және осының аясында жүзеге асырылып жатқан салалық «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» несиелік бағдарламалары өңірде мал шаруашылығын дамытуға үлкен серпін беріп, мал басы мен өнімділік жылдық 6-7 %-ға өсім тұрақты қамтамасыз етілді. Оған дәлел - соңғы бес жылда мал шаруашылығының өсімі 1,7 есе ұлғайып 303,3 млрд.тг өнімі өндірілді.

Бүгінгі күнде, облыста 1000 бастан жоғары 22 мал бордақылау алаңдары (сыйымдылығы 42,7 мың бас), 400 – 1000 бас аралығында 18 мал бордақылау алаңдары (сыйымдылығы 8,0 мың бас), 50 – 400 бастық 82 шағын мал бордақылау алаңдары (сыйымдылығы 9,8 мың бас) және 10 – 15 бастық 10265 отбасылық алаңшалар (сыйымдылығы 113,0 мың бас) жұмыс жасап жатыр. Аталған бордақылау алаңдарында 131,0 мың бас бұқашық бордақылануда.

Облыста мал шаруашылығы өнімділігін арттыру үшін ауыл шаруашылығы жануарларын асылдандыруға мән берілген. Осы орайда, қолда бар ірі қара аналықтың 38 % асыл тұқымды бұқамен түрлендіріліп, қатысу үлесі жөнінен Республикада – 2 орын болса, қойдың 73 % асыл тұқымды қошқарлармен түрлендіріліп, Республикада – 1 орында. Сонымен қатар, соңғы 3 жылда шет елдерден 20 мың бас асыл тұқымды аналық ірі қара мал сатып алынды.

Анықтама үшін: Облыста ІҚМ - 1130,0 мың бас, ұсақ мал 4602,5 мың бас, жылқы 377,3 мың бас, түйе 34,3 мың бас, құс 2218,6 мың басты құрайды. Республика бойынша ірі қара мал санының 14,4 %, ұсақ малдың 23,0 %, жылқының 12,1 %, түйенің 15,1 % өңірдің үлесінде.