Түркістан облысы: Шаруалар астық ору науқанын бастады

0
1 586

Аталған қожалықтағы 900 гектар егінді алқапқа егілген арпа мен бидайды жинауға 10-ға жуық агротехника тартылса, онда 20 шақты жұмысшы тынымсыз еңбек етуде


Түркістан облысы: Шаруалар астық ору науқанын бастады


фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Түркістан облысындағы төлебилік шаруалар төрт мың гектарға егілген жаздық бидайды оруды бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы ауданда 14 мың гектар жерге егілген күздік және жаздық бидайдан дихандар егістіктің әр гектарынан 20-25 центнерге дейін өнім алуды жоспарлайды. Ал 6 мыңнан астам гектар жерге егілген арпаның өнім түсімділігі 16 центнер болады деп күтіліп отыр.

Агротехникалық талаптарды тиянақты атқарған ірі шаруашылықтардың бірі Кемеқалған ауылдық округіндегі «Нұрдәулет» шаруа қожалылығы алғашқылардың бірі болып астық оруды бастап кетті.

Аталған қожалықтағы 900 гектар егінді алқапқа егілген арпа мен бидайды жинауға 10-ға жуық агротехника тартылса, онда 20 шақты жұмысшы тынымсыз еңбек етуде.

«Ауа-райы қолайсыз болғанымен қамбаға түсер өнім былтырғыдан кем болмайды. Себебі, агротехникалық шаралар дер кезінде жасалып, мемлекет тарапынанарзан бағадағы жанар-жағармай мен минералды тыңайтқыштар уақтылы берілді», - дейді шаруалар.

Жалпы ауданда егін оруға қажетті 75 комбайн, 153 тасымалдаушы техника, 103 трактор тіркелемелер мен 21 бірлік МТС агротехникалар сақадай сай- дейді аудан әкімдігі.