Түркістан облысы туу көрсеткіші бойынша 1-орында

0
2 350

Облыс халқының саны 40 мыңнан аса адамға артқан.


Түркістан облысы туу көрсеткіші бойынша 1-орында

Түркістан облысында 2018 жылғы қаңтар-қараша айларында халықтың табиғи өсімі 40 815 адамды құраған. Бұл жөнінде Түркістан облыстық Статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды өңірдегі ERNUR.KZ тілшісі.

2018 жылғы қаңтар-желтоқсандағы Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндаған ол атқарылған жұмыстарды атап өтті.

«2018 жылдың қаңтар-қарашасында облыс туу бойынша республика деңгейінде алдыңғы қатарда көрінді, оның үлесі 13,6 пайыздынемесе 49 978 туылғандарды құрады. Сонымен қатар, былтырғы жылдың осы айларында 12 322 неке және 2903 ажырасу тіркелсе, 1000 қыз балаға 1 062 ұл бала туылған. Бұл жерде ұл балдардың көп туылу тенденциясы әлі де сақталуда. Ал, қайтыс болғандар саны 9 163 адамды құраса, бұл 2017 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 3 пайызға аз», - деді Айдар Ахметбекұлы.

Сонымен қатар, Түркістан облысы бойынша 2018 жылғы желтоқсанды 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда инфляцияның деңгейін сипаттайтын, тұтыну бағаларының индексі 104,8 пайызды құраған. Азық-түліктауарларының бағалары 5 пайызға, азық-түлік емес тауарлары – 6,3 пайызға, ақылы қызметтер – 3,2 пайызға жоғарылаған.

Түркістан облысындағы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2019 жылғы 1 қаңтарға 130 804 бірлікті құрады, бұл 2018 жылдың тиісті кезеңі деңгейінен 6,4 пайыз жоғары. Республикамыз бойынша жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің 10,5 пайызы Түркістан облысына тиесілі.