Түркістан облысында 100 гектар жерге алма бау құрылды

0
683

Алманың бірнеше түрі өндіріледі.


Түркістан облысында 100 гектар жерге алма бау құрылды

Сайрам ауданында 100 гектарлық бау құрылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Сайрам ауданында жалпы аумағы 100 гектар болатын 7 қарқынды отбасылық алма бауы құрылды. Қосымша 17 гектар жерге бауға қажетті инфрақұрылымдық жүйелер енгізілді. Яғни, бау-бақша айналасында сорғы, сүзгілеу станциялары, коммуналдық ғимарат, жол, қоймалар, өткізу пункті, құдық және т.б. қарастырылған. Жобаның жалпы құны - 2 097,3 млн. теңгені құрайды.

Алма бағы жылына 4 500 тоннаға дейін өнім беруге қауқарлы. Бұл отбасылық бақтарда алманың Гала, Голден Делишес, Фуджи, Гренни, Смит сорттары M9 тамырына отырғызылған.

Интенсивті отбасылық бақтарға қажетті құрал-жабдықтармен қамтуды «DALA-FRUIT.KZ» ЖШС-гі жүзеге асырып отыр.

Айта кетейік, бұл жобалар Түркістан облысы инвестиция және экспорт басқармасына қарасты «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы жүзеге асырылып жатыр. Алдағы уақытта аталған жобаны жүйелі түрде жүргізу арқылы алма өндірісі одан сайын ұлғая түспек. Ол өз кезегінде өңір экономикасының ілгерілеуіне сеп болады.