Түркістан облысында 102 жастағы майдангерге құрмет көрсетілді

0
498

Ақсақал келген қонақтарға ақ батасын берді.


Түркістан облысында 102 жастағы майдангерге құрмет көрсетілді

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев және аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров 102 жастағы жауынгерді мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев және аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров Ұлы Жеңістің 78 жылдығы қарсаңында 102 жастағы жауынгер Жұмағұлов Рысмет ақсақалдың үйіне арнайы барып, мерекемен құттықтады.


«Сол бір зұлмат жылдарды бастан кешкен алдыңғы аға буын өкілдерінің төзімділігі мен ержүректілігі бүгінгі және келешек ұрпақ санасында нағыз адамгершіліктің, отансүйгіштіктің үлгісіндей болып қала бермек. Тарих еншісінде қалған соғыстың сұрапыл жылдары енді қайталанбасын деп тілеп, сондағы айбарлы аға-әпкелеріміздің жан аямас жаужүректілігі мен тыл еңбеккерлерінің ерен еңбектеріне құрметпен бас иеміз», – деді аудан басшысы.


Ел ертеңі үшін күрескен қарияның шаңырағына арнайы барған аудан басшысы отан үшін оқ пен от кешкен Жеңіс солдатының естелік әңгімелерін тыңдап, ауданның жаңалығын, ел жайын әңгімелеп, сый-құрмет көрсетті. Қан майданда ерлікпен қаза тапқан азаматтардың рухына бас иіп, құран бағышталды. Ақсақал келген қонақтарға ақ батасын берді.


Екінші дүниежүзілік соғыстың аудандағы жалғыз куәгері Рысмет қария 1921 жылы Төлеби ауданы, Леңгір қаласында дүниеге келген. Ол 5 сыныпты бітірген соң, қара жұмысқа ерте араласып, Георгиевка колхозында еңбек еткен. 1942-1943 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып, Сталинградты қорғауға қатысқан. 1945-1974 жылдар аралығы күзет бөлімінде қарауыл және қосалқы шаруашылықта жұмысшы болған. Ал, 1974-1976 жылдары Фосфор зауытында зейнеткерлікке шыққанша еңбек еткен.


Жұмағұлов Рысмет «Отан соғысы» орденімен, «Г.К.Жуков» атты мерекелік медалімен марапатталған.