​Түркістан облысында 429 үй күрделі жөндеуді қажет етеді

0
729

Жыл басында облыс аумағындағы сапасы сын көтермейтін тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған еді.


 ​Түркістан облысында 429 үй күрделі жөндеуді қажет етеді

«AMANAT» партиясының Түркістан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасы аясындағы жұмыстар тиісті деңгейде атқарылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жыл басында облыс аумағындағы сапасы сын көтермейтін тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған еді. Оның ішінде Түркістан және Кентау қалаларындағы, сондай-ақ Қазығұрт, Мақтаарал, Жетісай, Ордабасы, Созақ, Төлеби, Сарыағаш, Келес, Түлкібас, Шардара аудандарындағы 429 үй күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етіп тұр. Аталған аудандар мен қалалардағы баспаналарды жөндеуден өткізуге Республикалық бюджеттен тиісті қаражат бөлінді. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарының тыңғылықты түрде орындалуы аудан және қала әкімдіктерінің назарында.

Өңірде тұрғын үйлерді жөндеумен қатар спорттық ғимараттар мен алаңқайлардың құрылысы да қарқын алуда. Биыл Түркістан қаласында жалпы жер аумағы 1,92 гектарды құрайтын Мұз сарайының құрылысы жүруде. Мұнда Түркістан қаласы тарихында тұңғыш рет қысқы спорт түрлерімен кәсіби түрде айналысуға мүмкіндік туып отыр. Нысанның құрылысы осы жылы желтоқсан айында аяқталып, ел игілігіне берілмек.
Сондай-ақ Келес ауданынан жоспарланған 10 толыққанды спорттық алаңшаның 3-і биыл пайдалануға берілмек. Атап айтсақ, Біртілек, Алпамыс, Қошқарата ауыл округтерінде салынған алаңқайлар биыл ашылмақ. Оған қоса өзге аудандарға демеушілік есебінен 11 спорттық алаңша салу жоспарланған. Салауатты өмір салтын ұстануға сеп болар спорттық алаңшалар жыл соңында пайдалануға беріледі деп күтілуде.