Түркістан облысында 5-қабаттан құлаған 4 жасар баланы дәрігерлер аман алып қалды

0
1 299

Үйінде қараусыз қалған балғын терезенің алдына шығып, тордан құлап кеткен.


Түркістан облысында 5-қабаттан құлаған 4 жасар баланы дәрігерлер аман алып қалды

Түркістан облысының дәрігерлері 5-қабаттың терезесінен құлап кеткен баланың өмірін құтқарып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Болат Нұсқабаев мәлімдеді. Үйінде қараусыз қалған балғын терезенің алдына шығып, тордан құлап кеткен.
Ес-түссіз жағдайда ауыр халде жедел жәрдемнің көмегімен облыстық балалар ауруханасына жеткізілген баладан бас миының соққысы, бас миының шайқалуы, бастың көптеген жарақаттары, жабық бас миының жарақаты, кеуде қуысының соғылуы мен денесінде көптеген жарақаттар алғаны анықталған. Қайғылы жағдайдан жапа шеккен кішкентай науқас бір айдан астам ауруханада жатқан.
“Бала ауыр халде болды. Тек төртінші тәулікте ол өзіне келді. 20 күнге жуық бала реанимацияда болған. Жан - жақты медициналық көмек көрсетіліп, бала аман қалды. Ем оң нәтиже беріп, бала аяққа тұрды, ата- анасы дән риза. Негізі бізде жыл сайын мұнлай 3-4 жағдай орын алады. Барлық жағдайда дәрігерлер балаларды аман алып қалды. Мұндай оқиғалар әсіресе жазғы уақытта, балаларды қараусыз қалдырғанда болады", - деді Түркістан облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Болат Нүсқабаев.
Баланың жоғарғы қабаттан құлап кету жайттарының бәрі бір біріне ұқсас. Жалғыз қалған сәби терезеге ұмтылып, бақытсыз жағдайлар орын алып жатады, дейді дәрігерлер. Зардап шеккендердің дені 2-5 жас шамасындағы балалар. Білікті мамандардың көрсеткен медициналық көмектің арқасында балалар дін аман.

Дереккөз: Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі