Түркістан облысында 50-ден астам парасаттылық мектебі жұмыс істеп жатыр

0
1 560

Жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытында шаралар өткізілуде.


Түркістан облысында 50-ден астам парасаттылық мектебі жұмыс істеп жатыр

Түркістан облыстық "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі атқарған жұмыстарды қорытындылады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облыстық «Адалдық алаңы» кеңсесінің тағы бір маңызды бастамасы - кәсіпкерлер мен инвесторларды мемлекеттік қолдауға арналған «Protecting Business and Investments» жобасы.

"Бұл жобаның мақсаты – өңірде қолайлы инвестициялық ахуал жасау және бизнес пен инвесторларды мемлекеттік сүйемелдеуге алып, олардың инвестицияларын мемлекеттің кепілдігімен қорғау. Қазірге дейін жалпы сомасы 429 млрд теңгеден астам 25 ірі кәсіптік субъектімен келісім-шартқа қол қойылған», - дейді кеңсе жетекшісі.

Сонымен қатар, жобалық кеңсе жас буынға дұрыс бағыт-бағдар беру және ертеңгі болашақ – қазіргі жастардың қолында екендігін ескере отырып, жас ұрпақты адалдыққа тәрбиелеуге бағытталған жобаларды іске асырып отыр. Солардың бірі - Парасаттылық мектебі.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде Парасаттылық орталығы және колледждерде 59 Парасаттылық мектептері ашылған. Сондай-ақ, «Саналы ұрпақ» жобасы аясында өңірдегі 61 колледжде «Саналы ұрпақ» жобалық кеңселері ашылып, жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытында шаралар өткізілуде.