Түркістан облысында айына 6000-ға жуық сәби дүниеге келеді

0
773

Он ай ішінде жалпы 50 202 нәресте туылған.


Түркістан облысында айына 6000-ға жуық сәби дүниеге келеді

Түркістан облысында тәулігіне 200-ге жуық сәби дүниеге келеді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы бала туылу көрсеткіші бойынша республика көлемінде алдыңғы орында келе жатыр. Атап айтсақ, қазан айының өзінде аймақта 5659 бала дүниеге келген. Яғни, тәулігіне 200-ге жуық сәби дүниеге келеді деген сөз. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингісінде атап көрсетілген мәліметке сүйенсек, облыста он ай ішінде жалпы 50 202 нәресте туылған. Өңірде бала туу көрсеткішінің өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,1 көрсеткішке артқаны байқалады.

Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған ауқымды мәселелердің барлығы еліміздің экономикалық өсімі мен тұрмыстық әл-ауқатының жақсаруына бағытталған. Бұл тұрғыда күрделі кезеңде облыс тұрғындарына барынша қолдау көрсетілуде. Мәселен, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Түркістан облысында 67 038 адам қамтылып, оның ішінде 798 адам шағын несие алған және 6 039 адам мемлекеттік грантты иеленді.30 мыңнан астам адам уақытша жұмысқа орналастырылған.