​Түркістан облысында әлеуметтік нысандар 100 % жылуға қосылған

0
762

Облыс бойынша 2748 бюджеттік мекемелер толық, яғни, 100% жылуға қосылған.


​Түркістан облысында әлеуметтік нысандар 100 % жылуға қосылған

Түркістан облысы әкімдігінде аппараттық мәжілісі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхаметовтың төрағалық етуімен өткен жиында 2019-2020 жылдардағы жылыту маусымының өту барысы мен облыс бюджетін игеру, өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту, көгілдір отынмен қамтамасыз ету, қоршаған ортаны көгалдандыру секілді бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.

Биылғы жылыту маусымы Түркістан облысында талапқа сай өтуде. Жалпы, облыс бойынша 2748 бюджеттік мекемелер толық, яғни, 100% жылуға қосылған. Оның ішінде Білім саласы – 1280 нысан, Денсаулық саласы – 755, Әлеуметтік салалар – 713 нысан, яғни, толықтай жылумен қамтамасыз етілген. Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін 547 көпқабатты тұрғын үйлерге толық температуралық кестеге сәйкес жылу берілуде. Бюджеттік мекемелердің сұйық отынға, мазут пен көмірге қажеттілігі де қамтамасыз етілген. Тұрғындардың көмірге қажеттілігін (901,9 мың тонна) тасымалдау күнделікті жалғасуда. Жылу беру маусымының өту барысына апта сайын тұрақты мониторинг жүргізіліп, бақылауға алынған.

Түркістан облысын көгілдір отынмен қамтамасыз ету мәселесі де қарқынды жүруде. Бүгінде 48 елді – мекенге газ жүргізу жұмыстары жүріп жатыр.

Сондай-ақ, отырыс барысында облыстық бюджеттің тиімді игерілуінің қатаң бақылауда екені ескертілді. Мәжілісті қорытындылаған облыс әкімінің бірінші орынбасары жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

«Аумақта айналаны күл-қоқыстан тазарту мәселесін шешу керек. Апта сайын өтіп жатқан жалпыхалықтық сенбікке мемлекеттік қызметкерлермен бірге жергілікті тұрғындардың да атсалысқаны дұрыс. Өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту үшін нақты жоспар бойынша жұмыс жасалсын. Егілген көшеттердің сапасы, оларды суару, баптау мәселесі қадағалансын. Облыстық бюджетті тиімді игеруді тапсырамын. Бұл мәселе қатаң бақылауда»,-деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхаметов аппарат мәжілісінде.

Сонымен қатар, облыс басшылығы жылыту маусымы барысында Түркістан облысы бойынша жеке сектордағы өрт қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды тапсырды.