Түркістан облысында аудан әкімінің орынбасарына оқ атылды

0
2 125

Болған жайт тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр


Түркістан облысында аудан әкімінің орынбасарына оқ атылды

ERNUR.KZ. Түркістан облысы Төлеби ауданы әкімінің орынбасарын белгісіз біреулер атып кетті, деп жазады sn.kz.

Қазіргі таңда тергеу-тексеру жұмыстарын бастап кетті.

"Болған жайт тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ішкі істер органдарының өкілдері күдіктілердің тұлғасын анықтау жұмыстарын бастап кетті. Олар бірнеше адам. Аудан әкімінің орынбасары - әйел адам, ол айтарлықтай жарақат жарақат алған жоқ", - дейді Түркістан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Әлі расталмаған ақпаратқа сенер болсақ, қылмыс түскі тамақтану уақытында жәбірленушінің үйінің маңында болған. Атыстың дауысын естіген көршілері далаға жүгіріп шығып, күдіктілерді үркітіп жіберген. Белгілі болғаны, жәбірленген әйел аудан әкімінің орынбасары қызметін 7 жылдан бері атқарып келеді.