Түркістан облысында «Ауыл – Ел тірегі» жобасының кезекті онкүндігі басталды

0
1 188

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында.


Түркістан облысында «Ауыл – Ел тірегі» жобасының кезекті онкүндігі басталды

Сайрам ауданы Қарамұрт ауылдық округінде он күнде 112 іс-шара өткізу жоспарлануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Ауыл – Ел тірегі» жобасының кезекті онкүндігі Сайрам ауданы Қарамұрт ауылдық округінде бастау алды. 16 мың тұрғыны бар Қарамұрт ауылдық округінде осы он күнде 112 іс-шара өткізу жоспарлануда. Аталған жоспар барысын аудан әкімі Ұ.Сәдібеков төрағалық еткен мәжілісте аудан әкімінің бірінші орынбасары Шухратулла Азаттуллаұлы тарқатып баяндады.

Жалпы аудан бойынша әлеуметтік картадағы өзекті 5 мәселе Қарамұрт ауылына қатысты. Шаян-Көксәйек КХ-3 облыстық маңызы бар тас жолының құрылысы, Киров мектебінің орнына жаңа мектеп ғимаратын салу, ауылдық мәдениет үйінің шатырын жөндеу, Ақсу өзенінің бойындағы қазба (карьер) жұмыстарына бақылау орнату және саяжай тұрғын алабының жерлерін Низамабад елді мекені шегіне қосу бойынша жұмыстары жүргізілмек.

Ал канал мәселесі бойынша, Қарамұрт ауыл округінде онкүндік жоба аясында ағымдағы жылы «Кент -Балдыберек» каналының аудан аумағына тиесілі арнасына 5 км механикалық тазалау жүзеге асырылмақ.

«Бұған дейінгі Манкент ауылдық округінде жоспар оң нәтижесін беріп, көптеген шаруа қолға алынды. Келіп для галочки кету үшін емес, біз он күнде барлық жұмысты бітіре алмаймыз бірақ халықпен бірге жұмысты жандандырып тоқтап қалмай нәтижелі жұмыс жүру керек. Асарлату біздің мақсатымыз.Оған жергілікті тұрғындарды да жұмылдыра отырып, нақты іске көшу керек», – деді Ұласбек Садибеков.

Жоспарланған іс-шараға байланысты аудан әкімінің бірінші орынбасары Убайдуллаев Шухратулла осы онкүндік бойы округінде қызмет атқаруға бекітілді.