Түркістан облысында бірнеше оқушылар үйі ашылады

0
816

Негізгі басымдық дрондар мен робототехникаға, балалар шығармашылығын дамыту жұмыстарына берілген.


Түркістан облысында бірнеше оқушылар үйі ашылады

Арыс қаласы мен Отырар ауданында оқушылар үйлерін ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Соңғы жылдары Түркістан қаласында «Ақжайық» саз мектебі мен «Оқушылар сарайы» ғимараттары пайдалануға берілді. «Ақжайық» саз мектебінде тәрбиелік мазмұнда түрлі байқаулар, жарыстар, музыкалық қойылымдар, фестивальдер өткізілуде. Ал, облыс орталығынан жаңадан ашылған «Оқушылар сарайында» 30-дан астам түрлі бағыттағы үйірме жұмыс істеп, 2 000-ға жуық оқушы қамтылған. Негізгі басымдық дрондар мен робототехникаға, балалар шығармашылығын дамыту жұмыстарына берілген.


Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, барлық аудан, қаладан қосымша білім беру ұйымдарының желісін арттыру, оның ішінде оқушылар үйлерін ашу жөнінде нақты тапсырма беріліп, 2020 жылдың қазан айында Қазығұрт және Келес ауданында оқушылар үйлері қолданысқа берілді. Түлкібас ауданында аудандық «Өнер» мектебінің филиалы ашылды. Сайрам және Сарыағаш аудандарында 2021 жылдың желтоқсан айында оқушылар үйлері ашылып, қолданысқа берілді.


Сондай-ақ, Арыс қаласы мен Отырар ауданында оқушылар үйлерін ашу 2022 жылға жоспарланып отыр. Облыс мектептерінде 411 дебаттық үйірме ашылып, 6397 бала шешендікті меңгеруде.