Түркістан облысында «DAMUMED» жүйесіне 60 мыңға жуық пайдаланушы тіркелген

0
3 206

Жылдың соңына дейін денсаулық сақтау саласы бойынша 100 пайыз техникамен қамтамасыз етіп, толығымен қағазсыз құжат айналымына өту жоспарланған.


Түркістан облысында «DAMUMED» жүйесіне 60 мыңға жуық пайдаланушы тіркелген

ERNUR.KZ. Түркістан облысында «DAMUMED» мобильді қосымшасына 58933 пайдаланушы тіркелген, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысында «DAMUMED» мобильді қосымшасына 58933 пайдаланушы тіркелген. Бұл өңірдің белсенді пайдаланушыларының 6,8 пайызын құрайды. Жалпы көрсеткішті 30 пайызға жеткізу жоспарланған. Бұл туралы Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Бастар Есқараев мәлім етті.

Оның айтуынша, мобильді қосымшаның көмегімен дәрігерге 28 645 қабылдауға жазылу, 1 249 үйге шақырту, 5 032 жүктілігіне байланысты есепке тұру және 23138 рет 5 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарын тіркеу сынды қызметтер пайдаланылған.

«Облысымыздағы 49 емханада денсаулық сақтау саласында көп қолданылатын дәрігерді үйге шақырту, дәрігердің қабылдауына жазылу, медициналық ұйымдарға тіркелу сынды қызметтерге қол жеткізе алатын медициналық ақпарат жүйесі іске қосылды. Түркістан облысы бойынша қағазсыз технология 2018 жылдың 2 сәуірінен бастап іске қосылды. Облыс бойынша медициналық құжаттаманы қағазсыз негізде жүргізу 32 пайызды құрап отыр», - деді Бастар Әуелханұлы.

Айта кетейік, жылдың соңына дейін денсаулық сақтау саласы бойынша 100 пайыз техникамен қамтамасыз етіп, толығымен қағазсыз құжат айналымына өту жоспарланған. Сондай-ақ, мобильді қосымшасымен тұрғындардың 30 пайызын қамту көзделіп отыр.